«Көкірекбаевтың ақылы жетпеді». Тараздың қақпасынан Фирдаусидің өлеңін алған әкімге Амалбек Тшанов не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2024
- 1.1k
Кәрім Көкірекбаевтың оқыс шешімінен кейін Амалбек Тшанов телефон арқылы сөйлескенде арадағы әңгіме қалай болғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Амалбек Тшанов Кәрім Көкірекбаевтан бұрын Жамбыл облысын басқарған. Сол уақытта Таразға кірер жердегі қақпа «Тшанов қақпасы» деп аталып жүрді. Оған ежелгі заманның ақыны Фирдаусидің «мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген өлеңі жазылған еді. Алайда Кәрім Көкірекбаев ел тізгінін ұстаған тұста айтыста айтқан ақынның сөзі үшін оқыс шешім қабылдап, «қыздардың жарнамасы іспетті» деген желеумен алып тастаған. Амалбек Тшанов бұдан кейін Көкірекбаевпен телефон арқылы сөйлескенін айтты.
"Мен оған «сен білесің ба, осы бір шумақ өлеңнің екі үлкен мағынасы бар» деп айттым. Ол «қандай» деп сұрады. Біріншіден, біз Тараздың 2000 жылдығын өткізгелі отырғанбыз. Ал, бұл өлеңнің астына Фирдауси деп жазылған. 1-10 ғасырға тән болғандықтан бұл қаланың көне екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, ешбір дамыған елдің еркегі сұлу деп айтпайды. Қызы сұлу ел деп, мәдени, дамыған, озық елді айтады. Ол сондай мағынасы бар дүние. Соған «басы жетпеген» әкімге не айтуға болады?.Қатты ренжідім. Мен мына кейінгі әкімге де кіріп айттым іліңдер деп, оны ілді ма енді оны мен білмеймін",- деді Амалбек Тшанов.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024