Жамбыл жаңалықтар

«Көктайғақ пен тұман». Ертең Жамбыл облысында ауа райы қандай болады

Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 02-03 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертен орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.