Көктемгі шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде – Нұрбол Зейнелов
Сонымен қатар әскерге жөнелту жұмыстары ұйымдастырылған
Жамбыл облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Нұрбол Зейнелов көктемгі шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдармен, қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдермен және медициналық ұйымдармен бірлесіп, шақырылушыларды іріктеу, медициналық куәландырудан өткізу және әскерге жөнелту жұмыстары ұйымдастырылған.