Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда - Рауан Садырқұлов
Облыс аумағында бүгінгі күні кәмелетке толмағандар саны 463 618-ді құраса, оның ішінде 1 199 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
Білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов облыста кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жыл – Қазақстанда құқықтық базаны нығайту тұрғысынан маңызды жыл болды. Қабылданған үш негізгі заң елдің болашағы саналатын балалардың құқығын қорғау мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді тетіктерді енгізді.
Облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 783 отбасындағы 1092-і баланың 812-і туыстарына және 280-і бала асырап алушы үміткерлерге берілген. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1020 баланың денсаулық жағдайы жақсы, 79 баланың денсаулықтарына байланысты медициналық есепке алынған. 2023-2024 оқу жылын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 161 бала 9-сыныпты аяқтап, 105-і колледжге, 55-і 10 сыныпта, 60 бала 11-сыныпты аяқтап 44-і жоғарғы оқу орнына, 14-і колледжге түсті.