Көрісу күнінде ардагерге құрмет көрсетілді

Бұл тек адамдардың бір-бірімен қауышуы ғана емес, ел ішіндегі сыйластық пен татулықты нығайтатын мереке
Көрісу күнінде Ішкі істер органдарының ардагері Жұмабай Рысқұлға құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы игі дәстүр аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 58 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы бастаған топ Ішкі істер органдарының ардагері Жұмабай Рысқұлды арнайы құттықтап барды. Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А. Ниязымбетов және тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
Жұмабай Айтқұлұлы 1950 жылы 16 қарашада дүниеге келген. Ол 1971 жылы құқық қорғау органдарына бақылаушы лауазымына тағайындалып, Жамбыл облысы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы зейнеткерлікке шықты. Саналы ғұмырын ел тыныштығы мен тәртіпті сақтауға арнаған ардагерге құрмет көрсету – кейінгі буынның парызы.
Көрісу күні тек адамдардың бір-бірімен қауышуы ғана емес, ел ішіндегі сыйластық пен татулықты нығайтатын мереке. Осындай игі шаралардың өтуі – ұлттық дәстүрдің жанданып, жалғасып жатқанын көрсетеді.