сенбі, 23 қараша, 2024 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерлік қанат жаюда

Кәсіпкерлік қанат жаюда
ашық дереккөзі
Кәсіпкерлік қанат жаюда
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жұмыс барысымен бөлім басшысы Б.Шалабаев танысып шықты. Соның ішінде Жаңатас қаласында орналасқан цехтарға тоқталсақ. Жеке кәсіпкер «Жаппарова» шаруашылық сабынын шығаратын цехты көрді цех тапсырыс бойынша бір қалыпты жұмыс жасауда күніне 300-400 дана шығаратынын және бағаларын аудан халқына тиімді 60-70 теңгеден сатуда. Алдағы уақытта кәсіпкер цехты ұлғайту жоспарда екенін айта кетті. Одан кейін жеке кәсіпкер «Санжар» зығыр майын өндіру цехын көрді цехтағы қондырғы орнатылған зығыр майын өндіру үшін кәсіпкер мақсары өнімін егістіктен жинауда екенін айтты. Бөлім басшысы өз тарапынан кәсіпкерлерге қазіргі кездегі мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпаратты түсіндірді және цехтарын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. Сөз соңында бұл цехтардың аудан экономикасына тигізер үлесі мол екендігін айта кетті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар