сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіптік білім берудегі жаңа әріптестік

Кәсіптік білім берудегі жаңа әріптестік
Фото - ашық дереккөз
Облыстағы орта білім беру мекемелері оқу үдерісін жетілдіру мақсатында өндіріс орындарымен өзара байланысты күшейтуде.

Соның бір дәлелі жақында Жамбыл индустриалды технологиялық колледжі мен «Shengtai Biotech CO.,Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжат білім беру мекемесі мен кәсіпорын арасындағы байланысты кеңейтуге және кадр даярлау ісін бірлесіп жүзеге асыруға негізделген. Келісім шеңберінде студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасау, оқу үдерісін нақты өндіріс талаптарымен ұштастыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру көзделеді. Колледж білім алушылары оқу барысында алған теориялық білімін кәсіпорын алаңында тәжірибе арқылы бекітіп, еңбек үдерісінің ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Колледж директоры Дәурен Түменбаевтің айтуынша, ынтымақтастық білім алушылар үшін тәжірибелік білім алуға кең мүмкіндік береді. Студенттер өндіріс орнында жұмыс барысымен танысып, мамандыққа қажетті дағдыларын шыңдай алады. Сондай-ақ колледж бен кәсіпорын арасындағы өзара байланыс оқу бағдарламаларын өндіріс талаптарына сәйкестендіруге және түлектерді жұмысқа бейімдеуге оң әсерін тигізеді. Алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, кадр даярлау ісі жүйелі түрде жүргізіледі. Тәжірибе кезеңінде олар заманауи технологиялармен жұмыс істеуді меңгеріп, болашақ мамандығына қажетті практикалық қабілеттерін дамытады.

«Shengtai Biotech Co., Ltd» компаниясының құрылтайшысы – «Seres Biotech B.V». Аталған ұйым Қытайдың азық-түлік және химия салаларында кеңінен танылған «Fufeng Group» құрамына кіретін еншілес кәсіпорын саналады. Компания биотехнология саласында өндірістік қуатымен және жоғары технологияларды қолдану тәжірибесімен ерекшеленеді.

Колледж бен кәсіпорын арасындағы әріптестік алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыруға, оқу бағдарламаларын өндіріс ерекшелігіне бейімдеуге және дуальды оқыту жүйесін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірде білікті мамандар даярлау ісін жүйелі түрде жүргізуге ықпал етеді.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар