Жамбыл жаңалықтар

«Күйзеліс жағдайларынан қалай арылуға болады» тақырыбында тренинг өтті

Іс-шара барысында түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар қолданылды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандары профилактикалық есепте тұрған сотталғандармен «Күйзеліс жағдайларынан қалай арылуға болады» тақырыбында топтық тренинг өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тренинг барысында қатысушылар күйзеліс жағдайының негізгі белгілерімен танысып, практикалық жаттығулар орындады. Сонымен қатар күйзеліске алып келетін маңызды факторлар — жалғыздық, мұң, үрей мен қорқыныш екені түсіндірілді. Мұндай жағдайлардың ауыр салдары суицидтік әрекеттерге әкелуі мүмкін екендігі де атап өтілді.

Іс-шара барысында түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар қолданылды. Сотталған азаматтар өздерін еркін сезініп, ойларымен бөлісті. Қатысушылар барлық тапсырмаларға белсенді қатысып, тренингтен жақсы әсер алғандарын жеткізді.