«Кальян үшін айыппұл». Таразда екі күн ішінде 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарында рейд жүргізіп жатыр
Тараз қаласында кафе-барлардың иелеріне кальян үшін айыппұл салынуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таразда полиция қызметкерлері бейнеоператорлармен бірге кальян бар орындар, кафе, барларға рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салу талаптарын бұзған 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік хаттамалар мекеме иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды. Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленді.
Кальян үшін полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін "тынышталады", содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге енді күн сайын тексеруге тура келеді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынатыны, вейптер мен электронды темекілердің таралуы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы нормаларды түсіндірді.
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының Полиция департаменті вейптерді сатқаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады.