жұма, 27 желтоқсан, 2024 4:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Кемшілік көп». Жамбылдағы мердігерлер жол салу кезінде талапқа сай келмейтін материалдар қолданған

«Кемшілік көп». Жамбылдағы мердігерлер жол салу кезінде талапқа сай келмейтін материалдар қолданған
фото - ашық дереккөзден
Биыл облыста жол-құрылыс материалдарының 3 мыңдай данасынан үлгі алынған

2019 жылы құрылған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» биыл 5 жыл толып отыр. Бұл кезеңде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәселен, жамбылдық жолшылар есепті кезеңде тұрақты түрде іссапарға шығып, 500-ге жуық нысанға инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 3 мыңдай данасынан үлгі алынып, сынамадан өткізілген. Сәйкесінше, 800-ге тарта жол-құрылыс материалдарының нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Сондай-ақ, аталған ведомство ұсынатын қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізу. Жыл басынан 110 келісім-шарт жасалынған. Оның ішінде, 101 жобаға  оң нәтиже берілген.

– Іс-сапарлар кезінде республикалық маңызы бар жолдарда жалпы бірқатар ақаулар анықталды. Дәлірек айтқанда, жол бетіндегі шұңқырлар, темiр коршаулардын зақымдануы, кысқы жол күтіміндегі ақаулар мен жол жиегіндегі қар жамылғысы және қар тазалау барысындағы олқылықтар белгілі болды. Қазіргі таңда барлық анықталған ақаулар бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына тиісті хат жолданды. Әрине, мердігерлер ең алдымен, жұмыстың сапасына айрықша көңіл бөлсе, асфальт жабынын орнату технологиясы өз жемісін береді. Тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдар сапаға мән берсе, жол-құрылыс саласында кемшіліктер жойылып, заң бұзушылықтар тыйылар еді, – инженер Тойшыбай Аляхметов.

Атап өту керек, жолшылар өткен жылы жергілікті желі бойынша 424 шығу жүзеге асырып, жол-құрылыс материалдарының 1833 үлгісінен сынама алған. Нәтижесінде 855 (47%) сынаманың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болған. Бұдан бөлек, бас-аяғы 30 бұзушылық анықталып, оның ішінде 10 бұзушылықтың өрескел екені мәлім болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар