дүйсенбі, 18 қараша, 2024 19:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Киелі жерлерді аралап, мәдени құндылықтармен танысты

Киелі жерлерді аралап, мәдени құндылықтармен танысты
ашық дереккөзі
Киелі жерлерді аралап, мәдени құндылықтармен танысты
  Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері өңірдің киелі жерлерін аралап, мәдени құндылықтарымен танысты. Шоқтығы биік, тағлымы бөлек «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне арнайы саяхат жасаған олар қызықты сұхбат жүргізді. Көне дәуірдің көзіндей көрікті өлке туралы сыр шертіп, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ, мұнда алған әсерлерімен бөлісті. Айта кетейік, ежелгі Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешені Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр. Тарихи кешен – Тараз өңіріндегі ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде әрі демалыс орны негізінде халқымыздың рухани жан-дүниесін байытып, туризмді дамыту мақсатында салынған. Ғажайып кешен Тараз қаласының барлық кезеңдерін қамтитын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады және сан ғасыр болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар