Әкімдердің жұмысы инвестиция тартуымен бағаланады – Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қала, аудан, әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, елді жұмыс орнымен қамтумен бағаланатындығын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы аймақ басшысы Жамбыл ауданында халықпен кездесуінде атап өтті.
Сондай-ақ аймақ басшысы жастардың үлкен мегаполистерге кетпеуі үшін барлық жағдай жасалауы керегіне тоқталды.