Жамбыл жаңалықтар

Құландық азамат ауруханаға 10 млн. теңгенің құрал-жабдықтарын сыйлады

Құландық азамат ауруханаға 10 млн. теңгенің құрал-жабдықтарын сыйлады

Елімізде жер-жаhанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Кешенді шаралар Жамбыл облысында да жүргізілуде. Аталған істен жергілікті жомарт жандар да қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, жуырда Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тумасы Ардақ Әшімбекұлы өзінің және отбасының атынан аудандық ауруханаға 10 миллионға жуық  қаржыға тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтарды алып берді.

Оның ішінде фармацевтикалық тоңазытқыш, дезкамера, дозатор, Бобров жабдығы, ауа рециркуляторы, жылжымалы кварц лампасы, медициналық бетперделер мен қолғаптар, көзілдіріктер, жеке қорғаныш киімдері де бар.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі