Латвияда жаңа гүл сортына «Dimash Qudaibergen» атауы берілді
Латвияда жаңа гүл сортына «Dimash Qudaibergen» атауы берілді
Латвияда жаңа гүл сортына «Dimash Qudaibergen» атауы берілді Сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин. 50 мың адам баратын латвиялық «Babite» Рододендрондар паркінде Димаштың фан-клубының бастамасымен «Қазақстан бұрышы» ашылған. Онда әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар «Miuaniz» жапырақты сорттары және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлдері бар «Qazaqstan» негізгі мәңгі жасыл сорттары да бар. Димаштың туған күніне орай алынған эксклюзивті көшеттердің үшеуі саябақта қалады, біреуі Димашқа сыйға тартылады, соңғысы Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі.