сенбі, 12 қазан, 2024 21:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионын жеңген қазақстандық теннисшілер ширек финалға шықты

Әлем чемпионын жеңген қазақстандық теннисшілер ширек финалға шықты
ашық дереккөзі
Әлем чемпионын жеңген қазақстандық теннисшілер ширек финалға шықты
Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан өз тобындағы екі ойында жеңіп, ширек финалға өтті. Қазақстан командасы топтағы үшінші әрі шешуші матчта теннистен қазіргі әлем чемпионы Италия командасымен кездескен болатын. Біздің команда сапынан Даниел Тазабеков алғаш болып жеңіске жетті. Ол Сальваторе Тартальонені 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Ал құрама көшбасшысы Заңғар Нұрланұлы өте тартысты кездесуде Антонио Марияльноны 4:6, 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстандық жас теннисшілер ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Топтық кезеңде біздің спортшылар Эквадордан жеңіліп, Аргентина және Италиядан басым түскен болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар