жұма, 24 сәуір, 2026 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық кітап күніне орай «Шекарасыз оқу» атты іс-шара өтті

Ұлттық кітап күніне орай «Шекарасыз оқу» атты іс-шара өтті
Ашық дереккөз
Аталған шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссисының төрағасы Д.Р.Халидов,  Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т. Куанышев,ТАРГУ Әлеумметтік психология кафедрасының аға оқытушысы,психология магистрі А.Т. Абдрахманованың қатысуымен Ұлттық кітап күніне орай «Шекарасыз оқу» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дамуына ықпал ету және бос уақыттарын тиімді өткізуге бағыттау болды. Іс-шара барысында қатысушыларға түрлі көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар таныстырылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасу өтті.

Сонымен қатар, сотталғандар өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісіп, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Мұндай іс-шаралар олардың ой-өрісін кеңейтіп, тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.

Шара соңында белсенді қатысқан азаматтарға алғыс білдіріліп, алдағы уақытта да осындай мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғаны жеткізілді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар