«Ұлы дала» шағын ауданында интернет қашан жақсарады
Таразда 700-ден аса абонентті сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету көзделіп отыр
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бақытжан Орынбеков компаниямен байланыс және интернетті дамыту бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Келесі кезекте «Қазақтелеком» АҚ филиалы ЖДБ Жамбыл ҚЖПД-ның директоры Болат Кишибаев меморандум аясында қаладағы 700-ден аса абонентті сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді.