Жамбыл жаңалықтар

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған арнайы экспозициялар ашылды

Салтанатты рәсімге 100-ге жуық адам қатысты

Бүгін  Жамбыл облысының соғыс және тыл ардагерлеріне арналған Даңқ залында Ұлы Отан соғысының ардагері Балтабай  Адамбаев және Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушы Петр Вотинцевтің экспозициялары ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Іс-шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева арнайы қатысты. Ол өз сөзінде ерлік жасаған тұлғалардың ержүректігі жайында айтып өтіп, олардың даңқты істері өскелең ұрпаққа үлгі болып, патриоттық рухын жанитынын жеткізді.

Бұдан бөлек, салтанатты шарада ҰОС ардагері Балтабай  Адамбаев пен Ауған соғысының қатысушысы Петр Вотинцевтің жақындары сөз сөйлеп, тұлғалардың жеке өміріндегі берік ұстанымдарын жастарға өнеге етті. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Балтабай Адамбаев жайында бірқатар естеліктерін айтты.