Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
Кездесуде жастар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды
Тараз қаласы «Ұлы дала» шағын ауданындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев белсенді жастармен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында Мәлік Нұржанұлы әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына кеңінен тоқталып, бұл Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыру аясында жастардың рөлі ерекше екендігін атап өтті.
Кездесуді облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев жүргізді.

Басқосуда Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек, облыстық «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Нәмелбек Президент Жолдауын жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар жастар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.