«Мәзірге айран қосса жақсы болар еді...». Жамбыл облысындағы оқушылар мектепте не жеп, не ішіп жүр?
Қазір облыстағы мектепке 39 кәсіпкер тамақ жеткізеді
Былтырдан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақ ішетін болған. Тамақтың ақысынан бұрын ата-ананы әрине астың сапасы мен құнарлығы көбірек алаңдатады. Осы ретте jambylinfo.kz тілшісі Жамбыл облысы білім басқармасының және Тараз қаласындағы мектеп аспазшысының көмегіне жүгіне отырып, бүлдіршіндеріміз мектепте қалай тамақтанатыны туралы танымдық материал әзірледі.
Жамбыл облысында балаларды ыстық тамақпен қамту үшін қанша қаражат бөлінген?
Биыл Жамбыл облысында бірінші сынып балаларын ыстық тамақпен қамту үшін бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Ал, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен,сондай-ақ киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуді қоса алғанда қордан 6,1 млрд. теңге қарастырылған.
Оның, балалар рационындағы ас мәзірін жасауда ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының» 15-қосымшасы басшылыққа алынады .Ол жерде төмендегі нормалар көрсетілген:
Атауы |
Мектеп жасындағы бір балаға норма (6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм) |
||
6 (7)-10 жас |
11-14 жас |
15-18 жас |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Өнімдер |
|||
бидай ұны |
4 |
5 |
7 |
қара бидай-бидай наны |
20 |
35 |
40 |
қалыпты бидай наны |
3 |
4 |
5 |
кептірілген нан |
2 |
2,3 |
3 |
макароны, бұршақ, жарма |
26 |
35 |
42 |
картоп |
42 |
50 |
57 |
көкөніс және басқа көкөністер |
84 |
100 |
118 |
жаңа піскен жеміс |
100 |
100 |
100 |
жеміс шырыны |
33 |
33 |
33 |
кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын) |
1 |
1 |
1 |
қант |
7 |
8 |
9 |
бал |
5 |
5 |
5 |
ет (сиыр еті) |
61 |
73 |
80 |
құс еті |
28 |
33 |
40 |
жаңа ауланған балық |
22 |
26 |
28 |
сүт, қышқыл сүт өнімдері |
106 |
107 |
108 |
сүзбе |
12 |
14 |
16 |
сүзбеше |
50 |
50 |
50 |
ірімшік |
2 |
3 |
3 |
сары май |
5 |
6 |
8 |
жұмыртқа |
1 |
3 |
3 |
өсімдік майы |
11 |
14 |
15 |
кисель |
4 |
4 |
4 |
картоп крахмалы |
2 |
2 |
2 |
йодталған тұз |
1 |
1,5 |
2 |
лимон қышқылы |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
«Балалар балық етін ұнатпайды...». Мектеп мәзіріне қандай тамақтар енгізген дұрыс?
Айтып өткеніміздей, редакция тілшісі Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің бас аспазынан сұхбат ала отыып, балаларға дайындалатын тағамдардың сапасы, олардың қай асты сүйіп жейтіні, қандай ас көбіне желінбей қалатыны және сырттан тамақ ішетін балалар көп пе, аз ба деген сұрақтарымыздың жауабын іздедік. Бас аспаз ас мәзірінде кейбір тағамдардың балаларға аса ұнай бермейтінін айтады.
Мектептегі тағам сапасына кім бақылау жасайды?
Ең алдымен жауапкершілік мектеп басшылығы мен медицина қызметкеріне жүктеледі. Мәселен, мектептегі медицина қызметкері асханадағы барлық тағамдарға күнделікті органолептикалық бақылау жүргізеді. Бұл дегеніміз сезім мүшелерінің көмегімен өнім сапасын анықтау (көру, дәм, иіс сезу, жанасу).
Осы тұста айта кететін жәйт, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия хатшысы Бахыт Жақсылықова мектептерде диеталық медбикелердің жоқтығын сынға алған болатын.
Комиссия хатшысының бұл сөзін білім басқармасының баспасөз хатшысы да растады. Ол облыста тек интернаттарда ғана диетмедбикелердің жұмыс істейтінін айтады. Дегенмен, бұл мәселе алдағы уақытта назарға алынбақ.
Ал, тамақтың бағасына келер болсақ, асханадан ақылы түрде тамақтанатын жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар үшін әр кәсіпкер бағаны өзі бекітеді дейді білім басқармасының баспасөз хатшысы.