Жамбыл жаңалықтар
Мақсат Үсіп Ислам ойындарының жеңімпазы атанды
- авторjambylinfo.kz
- 18 тамыз, 2022
- 591
Мақсат Үсіп Ислам ойындарының жеңімпазы атанды
Бұл күндері Түркияның Конья қаласында V Ислам ойындары өтуде.
Кикбоксингтен Ұлттық құрама сапында бақ сынаған жамбылдық Мақсат Үсіп 71 келі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Барлық қарсыластарын дерлік айқын басымдықпен жеңген ол ел құрамасы қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде 54 елден 3500 спортшы жазғы спорттың 23 түрінен бақ сынауда.
Қазақстан құрама командасының сапында 125 спортшы 16 спорт түрі бойынша ел намысын қорғауда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






