Жамбыл жаңалықтар

Мақсат Үсіп Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Мақсат Үсіп Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Бұл күндері Түркияның Конья қаласында V Ислам ойындары өтуде. Кикбоксингтен Ұлттық құрама сапында бақ сынаған жамбылдық Мақсат Үсіп 71 келі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Барлық қарсыластарын дерлік айқын басымдықпен жеңген ол ел құрамасы қоржынына кезекті алтын жүлдені салды. Айта кетейік, байрақты бәсекеде 54 елден 3500 спортшы жазғы спорттың 23 түрінен бақ сынауда. Қазақстан құрама командасының сапында 125 спортшы 16 спорт түрі бойынша ел намысын қорғауда.