жексенбі, 6 қазан, 2024 15:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мал базарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мал базарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөзі
Мал базарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгін Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев бастаған мониторингтік топ мал базарға барып, халыққа карантин режімінің талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жуалы аграрлы аудан болғандықтан мал базарының жұмыс істегені халық үшін аса қажет. Яғни, негізгі кәсібі мал шаруашылығы саналатын ауылдықтар елімізде төтенше жағдай енгізіліп, мал базар жұмысын тоқтатқан кезде біраз қиналғаны рас. Сондықтан әрине мал базардың жұмыс істегені дұрыс. Алайда халықтың денсаулығы бәрінен де маңызды. Сол себептен мониторингтік топ карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мал базарға барған болатын.
Мал базардың кіреберісінде дезинфекциялық тунель орнатылған. Арнайы киінген кісі мал базарға келушілердің дене қызуын өлшеп, кіргізуде. Сонымен бірге кіреберіске медициналық бетперделер мен антисептик қойылған. Яғни, мал базарға келушілер антисептикті керегінше пайдаланып, бетпердесін ұмытып кеткен жағдайда сол жерден сатып алуға мүмкіндік бар.
Әбдікерім Уркумбаев, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, СЭС мамандары, т.б сала мамандары мал базарды аралап, халықты санитарлық талаптарды орындауға шақырды. Облыстық бас санитарлық дәрігердің №39 Қаулысының талаптарын да түсіндіріп өтті.
Бақылау, түсінідіру жұмысы мал базардың әкімшісімен бірге қорытындыланды. Топ жетекшісі Әбдікерім Құлтайұлы егер тиісті талаптар орындалмаған жағдайда мал базар жабылып қалуы мүмкін, сондықтан мал базар иесіне, әкімшісіне талаптың орындалуын қатаң талап етуі қажеттігін ескертті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар