Мас күйінде көлік тізгіндеген ауыл тұрғыны анықталды
Мас күйінде көлік тізгіндеген ауыл тұрғыны анықталды
Жамбыл ауданы Аса ауылының учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аумақты патрульдеу барысында жол ережесін бұзған «Лада-2114» маркалы автокөлігі тоқтатылды. 45-жастағы ауыл тұрғынының құжаттарын тексеру барысында, оның 2021 жылдың мамыр айында масаң күйде көлік басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан 2028 жылға дейін айырылғандығы анықталды. Автокөлік жүргізушісі арнайы сараптамадан өтіп, дәрігерлермен оның алкогольдік өнімді «орташа» деңгейде пайдаланғандығы расталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Көлікті мас күйінде жүргізу өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндіреді, соны ұмытпайық!