дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құмда аң атқан тұрғын ұсталды

Құмда аң атқан тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
Құмда аң атқан тұрғын ұсталды
Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерi "Сапсан" жедел қызметi инспекторларымен бiрлесiп, құмды аумақта заңсыз аң аулап жүрген адамды анықтады. Тексеріс барысында қарақұйрық жануарының өлекселері және 12 калибрлі аңшы мылтығы табылды. Мылтықтың тiркеу нөмiрi өшiрiлген. "Осы дерек бойынша жақын маңдағы шаруа қожалығының 31 жастағы малшысы әшкереленді. Ол жануарды азық ретінде пайдалану үшін атып алғанын айтты. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық" бабымен соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар