Жамбыл жаңалықтар
МЕДИАЦИЯ – БИЛІК АЙТУДЫҢ ЕҢ ОЗЫҚ ӨНЕГЕСІ
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2022
- 205
МЕДИАЦИЯ – БИЛІК АЙТУДЫҢ ЕҢ ОЗЫҚ ӨНЕГЕСІ
Қазіргі кезде дауды бітіммен, татуласумен шешуді көптеген елдер қолдайды. Өйткені бұл деген дауласушы тараптардың бір мәмілеге, екі жақтың жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешімге келуі деген сөз.
Жалпы, дауларды бейбіт түрде шешуге бағыт беруші фактордың бірден-бірі екендігіне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 және 2020 жылғы халыққа арнаған Жолдаулары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановтың «Сот төрелігінің «Жеті тасы» бағдарламасы даусыз дәлел десек болады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында медиация тақырыбына аса үлкен көңіл бөліп, ерекше тоқталған болатын. Ол өз сөзінде дау-дамайды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет екенін, бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашатынын, дамыған елдерде мұндай институттар өзін-өзі таныта білуде екенін, сонымен қатар осыдан он жылдай уақыт бұрын «Медиация туралы заң» қабылданып, алайда қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналыспайтынын, оған қоса айқын мемлекеттік саясат байқалмайтынын және бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек деп айрықша атап өтті.
Қазіргі таңда сот саласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды қатаң бақылауға алып, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе азаматтық істер бойынша сотқа жүгінген дауласушы тараптармен татуластыру рәсімдерін жүргізу кең ауқымда Байзақ аудандық Билер кеңесінің, медиаторлардың қатысумен жүргізілуде. Оның ішінде атап өтсек, неке және отбасылық қатынастар бойынша, яғни ажырасу, алимент өндіру, мүлікті бөлу сияқты азаматтық істерді қарау барысында сот мейлінше тараптарды татуластыруға немесе бір мәмілеге келтіруге бар күшін салуда. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін елімізде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы енгізілген еді. Яғни бұл жоба отбасы институтын жандандыру, отбасы құндылықтарын сақтау, жанұялық жарасымдылықты сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, бітімгершілікпен шешу, кәмелетке толмаған балалардың толыққанды отбасымен тұру және тәрбиелену мүмкіншілігін арттыру мақсатында енгізілген.
Бүгінгі таңда «Отбасылық сот» пилоттық жобасының шеңберінде соттарға психолог мамандары, медиаторлар, педагогтар тартылып, олармен бірге қоян-қолтық жұмыс атқарылып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілуде.
Қорыта айтқанда, елдегі медиация институтының дамуына мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, институттың жандандырылуына ықпал ететін болса, медиацияның берері мол екендігі даусыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Longer Distance Marriage Communication
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024