Медициналық мекемелерде қорғаныс құралдары жеткілікті
Медициналық мекемелерде қорғаныс құралдары жеткілікті
Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Онда Ержан Жұматұлы жаңа оқу жылына дайындық барысы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы туралы баяндады.
Өз сөзінде аймақ басшысының орынбасары инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес өңірде қабылданған бірқатар жедел шаралармен таныстырып өтті.
– Республикалық және жергілікті бюджеттен індетпен күресуге барлығы 3,1 млрд. бөлінді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық бұйымдар мен қажетті препараттардың шамамен 1 айға жеткілікті қоры бар.
Атап айтқанда, 54 166 дана костюмдер, 399 464 бір реттік маскалар, 27 222 респиратор, 286 058 бір реттік қолғаптар, 235 вирусқа қарсы препараттар, 11 684 антисептиктер, 1 376 707 таблетка, 2 974 кұты, 5 137 литр, 5 127 келі дезинфекциялық заттардың қоры бар, – деген Ержан Жұматұлы медициналық мекемелердегі жеке қорғану құралдарының қоры таусылғанға дейін орташа есеппен 43 күнге жеткілікті екенін де айтып өтті.