Мекеме қызметкерлері тәжірибе алмасты
Мекеме қызметкерлері тәжірибе алмасты
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде ағымдағы жылдың 16 ақпанында басқа мекеме психологтарымен мекемеде ұсталатын сотталғандармен практикалық, әдістемелік көмек көрсету, аутоагрессивті және дивиандық мінез-құлқының алдын алу мақсатында топтық және жеке іс- шаралар өткізілді. Атап айтқанда “Қиын өмірлік жағдайлардан шығу жолдары”, “Жағымсыз сезімдермен қалай күресу” атты дәрістер, “Өз мінезімнің жағымды жақтары”, “Өз отбасы мүшелерін гүл түрінде суретте”, “ Менің көңіл-күйім” атты арт-терапия, “Үнді ертегісі” атты ертегі терапиясы, “ Мен кіммін”, “Суреттерді аяқта”, “Менің отбасым” атты проективті методикалар және бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ облыстық мекемелердің психологтарымен өзара қимыл жасау, тәжірибе алмасу- кәсіби қажеттілікті дамыту арқылы үздіксіз білім жетілдіруге, дамуға, шыңдауға үлес қосылды.