Мектептердің оқу жылына дайындығын тексерді
Мектептердің оқу жылына дайындығын тексерді
Жаңа оқу жылының басталуына аз қалды. Осы орайда білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова Жуалы ауданынандағы бірқатар мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дайындығымен танысып қайтты. Басқарма басшысы алдымен №15 мектеп-лицейінің қас бетін ауыстыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен танысты. Сондай-ақ, ондағы оқу кабинеттерін аралап, кезекші сыныптардың балаларды қабылдау бойынша дайындығын көрді. Бұдан соң Г.Ходжабергенова Б.Момышұлы атындағы № 22 орта мектептің шатырын ауыстыру бойынша құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда мектеп жаңа оқу жылында балаларды қабылдауға толық дайын. Дегенмен мектеп директорына санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтау тапсырылды. Жуалы ауданына жұмыс сапарының соңында басқарма басшысы №13 Байтұрсынов атындағы орта мектептегі әжетхананы ішкі кіргізу жұмыстарымен және № 29 орта мектептің қас бетін ауыстыру бойынша жұмыстармен танысты. Білім мекемелерін аралау барысында басқарма басшысы мектептердің ішкі әрлеу, тазалау жұмыстарына және өзге де мәселелер жөнінде ескертулер жасап, жауапты басшыларға тиісті тапсырма берді.