Мемлекет басшысы: «Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені»
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Өздеріңіз білесіздер, биыл бір ел болып «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Жыл бойы еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Осы жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызметін мінсіз атқарған адам қашанда қадірлі болады. Мен мұны үнемі айтып жүрмін.
Бұл тұрғыдан алғанда, Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені.
Қазір ортамызда жұмысын адал атқарып, халқымызға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар отыр. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.