Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуде
Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуде
- Жазасын өтеген жас жігітті жергілікті полиция қызметіне табыстады
Жабық мекемеде жазасын өтеген кейбір сотты болған азаматтарға әкімшілік қадағалау орнатылады. Бұл іс сот шешімімен жүзеге асыралады. Өз кезегінде осынау шара ҚАЖ қызметкерлерімен жергілікті полиция өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жуырда Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен ер азамат еркіндікке жолдама алды. Сот үкіміне сай мекеме қызметкерлері жазасын өтеген жас жігітті жергілікті полиция қызметіне табыстады. Енді ол сол бөлімнің қызметкерлерінің бақылауында болады. Айта кетейік, ер адам Қылмыстық Кодекстің 122 бабына сай кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.