Жамбыл облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 330

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы дүниеге келген, жоғары білімді. Ол құқықтану, қаржы және несие, құрылыс салалары бойынша бірқатар жоғары оқу орындарын тәмамдаған. Атап айтқанда:
1998 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы («Қаржы және несие»),
1999 жылы – Талдықорған сыртқы заң институты («Құқықтану»),
2008 жылы – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті («Құрылыс»),
2014 жылы – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті («Құқықтану» магистратура).
Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы №54 тұрғын үй пайдалану басқармасында инженер-техник болып бастаған.
Әр жылдары ол түрлі жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда:
«Хаир Ихсан» қайырымдылық қоғамының меңгерушісі, директор орынбасары,
«Тигро Хауд» сауда-өндірістік қауымдастығы бөлімінің меңгерушісі,
Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы,
Тараз қаласы әкімінің орынбасары,
Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры,
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары,
Жуалы және Талас аудандарының әкімі,
«Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры,
«ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл және Түркістан облыстық филиалдарында басшылық қызметтер атқарған.
Бұған дейін де мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы және Тараз қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.
2022 жылғы қазан айынан бері Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.