сенбі, 23 қараша, 2024 17:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік қызметкер: Ол қандай болуы керек?

Мемлекеттік қызметкер: Ол қандай болуы керек?
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызметкер: Ол қандай болуы керек?
Ел Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауапты бірегей оқу орны. Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген еді. Бұл тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде аталған академияның облыс бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов сервистік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруда мемлекеттік аппаратты білікті әрі тиімділігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету өте маңызды екенін жеткізді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден арылу, мемлекеттік қызметті қайта жаңғырту бойынша тиісті тапсырма берді. Соның негізінде академияның оқу бағдарламалары да қайта жасақталып отырады. Осы жылдың 3 сәуірінен бастап академияға оқуға қабылдау науқаны басталды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау онлайн форматта өтеді. Жаңа оқу жылына академия 8 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірледі. Жыл сайын академия мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120 және докторантураға 12 грантқа құжат қабылдайды, – деген Рауан Нұрғалиұлы биыл енгізілген басты өзгерістерге де тоқталып өтті. Айтуынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде академияда B+ (GPA 3,33) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргендер оқуын тәмамдағаннан кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Сонымен қатар, бұрын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған тұлғалар академияда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Атап өтейік, үміткерлердің магистратураға түсуі үшін кемінде 2 жыл, ал докторантураға 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар