Мемлекеттік қызметкер: Ол қандай болуы керек?
Мемлекеттік қызметкер: Ол қандай болуы керек?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден арылу, мемлекеттік қызметті қайта жаңғырту бойынша тиісті тапсырма берді. Соның негізінде академияның оқу бағдарламалары да қайта жасақталып отырады. Осы жылдың 3 сәуірінен бастап академияға оқуға қабылдау науқаны басталды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау онлайн форматта өтеді. Жаңа оқу жылына академия 8 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірледі. Жыл сайын академия мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120 және докторантураға 12 грантқа құжат қабылдайды, – деген Рауан Нұрғалиұлы биыл енгізілген басты өзгерістерге де тоқталып өтті. Айтуынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде академияда B+ (GPA 3,33) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргендер оқуын тәмамдағаннан кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Сонымен қатар, бұрын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған тұлғалар академияда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Атап өтейік, үміткерлердің магистратураға түсуі үшін кемінде 2 жыл, ал докторантураға 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.