Мерекеңізбен, медбике!
Мерекеңізбен, медбике!
Айтулы мерекеде облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков өмірге сән, тіршілікке нәр беріп қоғамға қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналған медбикелерге сый-құрмет көрсетті. Бақытжан Зикенұлы өз сөзінде күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелердің еңбегі ұшан-теңіз екенін атап өтіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. - Құрметті ақ халатты абзал жандар! Баршаңызды 12 мамыр – медбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп саны мейірбикелер болып табылады. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету сондай-ақ басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері ерекше рөлге ие. Ендеше, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер, - деген Б.Шарипбеков ізгі-тілегін білдірді. Айта кетейік, ЖД-158/5 мекемесінде Мадина Сухамбердиева бір жылдай уақыт медбике боп жұмыс істейді. Ал құрмет демалысындағы әділет майоры Аида Мұсаева фельдшер ретінде қызмет атқарады.