жексенбі, 17 қараша, 2024 14:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мереке күндері Жамбыл облысында 5 егіз дүниеге келді

Мереке күндері Жамбыл облысында 5 егіз дүниеге келді
ашық дереккөзі
Мереке күндері Жамбыл облысында 5 егіз дүниеге келді
Ағымдағы жылдың 16,17 желтоқсан күндері Жамбыл облысы бойынша 144 сәби дүниеге келсе, оның бесеуі (10 сәби) егіз. Соның ішінде Тараз қаласында мереке күндері 89 сәби дүниеге келген болатын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай олардың аналарына «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыс етілді. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған Ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында. «Біздің қызметкерлер 16, 17, 18 желтоқсан күндері жұмыс істеді және АХАЖ өкілдерімен бірлесіп әрбір сәби өмірінде өзінің алғашқы құжатын алуы үшін перзентханаларда құжаттарды қабылдады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар