Меркі ауданының әкімі 2 жылда бірде-бір рет «больничныйға» шықпаған
Жорабек Баубеков ауырып, арнайы парақ аштырсам, жұмыстан қашқандай күйде боламын дейді
Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков еңбек дамылысында қайда демалатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жорабек Баубеков Меркі ауданындағы туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан шаруаларды. Сонымен қатар, jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, өзінің еңбек демалысын қалай өткізетінін де тілге тиек етті. Ауданның тізгінін 2 жылдан бері тартып ұстап келе жатқан әкім айлық демалысын қақ бөліп, емделуге арнайды екен. Ал, қалған бірнеше күнін ел ішінде отбасымен тауға шығып, тұмса табиғатты тамашалаумен өткізеді.