Меркіде 2 адам иіс газынан уланып, қаза тапты
Меркіде 2 адам иіс газынан уланып, қаза тапты
Кеше Меркі ауданының Плодовоягодное ауылындағы жеке үйде бес адам иіс газымен уланып, екеуі оқиға орнында қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға табиғи газбен жанатын пештің түтіндігін орнату ережелерін сақтамау себеп болған.
Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрамында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің, Меркі ауданы әкімдігінің және газ коммуналдық кәсіпорнының өкілдері кіретін арнайы комиссия құрылды.
Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, аталған тұрғын үйде үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізілген. Алайда бұл шараның көмегі тимеген.
Ал оқиғадан зардап шеккен 3 адам жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген.