Жамбыл жаңалықтар
Меркіде тұрғын үй ауласындағы 37 тонна шөп өртеніп кетті
- авторjambylinfo.kz
- 25 тамыз, 2021
- 186
Меркіде тұрғын үй ауласындағы 37 тонна шөп өртеніп кетті
Жамбыл облысы Меркі ауданында шөпханадағы 1700 түк шөп өртеніп кетті.
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Низами көшесі №41 «А», жеке тұрғын үйдің ауласында шөпхана отқа оранды. Ондағы 1700 түк шөп өртеніп, жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыған. «Ағымдағы жылдың 24 тамызында таңғы сағат 4.07 – де Меркі ауданы, Меркі ауылынның №9 өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне Меркі ауылының Низами көшесіндегі тұрғын үйдің аумағында шөпхананың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бөлімнің күштері мен құралдары жедел жөнелтілді. Тілсіз жау шұғыл әрекеттердің нәтижесінде сағат 4.30- да оқшауланып, сағат 5.10-да толық сөндірілді»,- делінген ТЖД хабарламасында. Өртті сөндіруге 7 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған. Жалпы, 37 тонна шөп өртеніп кеткен. Біздің каналымызға жазылыңыз:
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала