Жамбыл жаңалықтар

Меркілік таксистер Рамазан айында тегін қатынауда

Меркілік таксистер Рамазан айында тегін қатынауда

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне Алматы-Мерке бағытында екі тарапқа да «ТЕГІН ТАКСИ» акциясы ұйымдастырылды. Акциясы негізінде қала тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Көлік жүргізушілері халықты ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді.