Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарған Сәбит Төлегенов сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 тамыз, 2024
- 612
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы , қаржы бөлімінің басшысы және жеке компания өкілі сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Антикордың дерегінше, Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылған.
- Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған. Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024