дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 8:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұмда FSM Social цифрлық платформасы бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мойынқұмда FSM Social цифрлық платформасы бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
Оқыту барысында қатысушылар цифрлық платформамен жұмыс істеу тәртібімен танысып, нақты мысалдар арқылы тәжірибелік ақпарат алды

Мойынқұм ауданында мамандарға FSM Social цифрлық платформасы бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мойынқұм ауданына облыстық «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Мырза-ғали Эльмира Иниятқызы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында аудандық Мәдениет үйінде FSM Social цифрлық платформасы бойынша оқыту және түсіндірме жұмыстары өткізілді, 
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Төлеубеков Қуандық, аудандық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Әбдіғали Расулұлы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлары мен олардың орынбасарлары, полиция қызметкерлері және әлеуметтік сала мамандары қатысты.
 Кездесу барысында FSM Social бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтау, олармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, білім, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және басқа да сала мамандары арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері қозғалды.
Оқыту барысында қатысушылар цифрлық платформамен жұмыс істеу тәртібімен танысып, нақты мысалдар арқылы тәжірибелік ақпарат алды. Мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

 Аталған іс-шара әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар мен отбасыларға уақытылы көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ FSM Social жүйесін аудан көлемінде тиімді қолдануға бағытталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар