Мойынқұмда тары ору жұмыстары аяқталуда
Мойынқұм ауданының Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков ауылдары тары дақылын өсірумен айналысады.
Бұл ауылдарда негізінен қызыл тары өсіреді. Биыл Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтері аталған дақылды көптеп еккен. Қазіргі таңда егістікті ору жұмыстарын аяқтап қалды.
«Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірбек Шынжарбеков 11 гектар жерді тиімді пайдаланып, ауыл диқандарымен біріге тары дақылын еккен. Ондағы өзіне тиесілі жері – 3 гектар.
Аудан бойынша былтыр 5 074 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі егілген. Биыл 5 662 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, көп жылдық жоңышқалар себіліпті.
Айта кетерлігі, тары дақылының сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің құнарлығы артады, дәнінен спирт жасалса, сабағынан қағаз шығаруға болады. Ал медицинада емдік қасиеті бары дәлелденген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024