Жамбыл жаңалықтар

Мойынқұмда жоғалған 7 жасар бала табылды

Мойынқұмда жоғалған 7 жасар бала табылды

Мойынқұм ауданының Күшаман ауылында жоғалған 7 жасар Ерік Рысбай аман-есен табылды. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Балақай полиция қызметкерлері мен жергілікті азаматтардың күшімен Көкжиек ауылының маңынан табылған. Ол аталған ауылдың маңындағы қалың қамыстың ішіне қонып шыққан.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Мойынқұм ауданы Күшаман ауылында тұратын бала үйінен шығып, қайта оралмаған болатын.

Оны іздеуге полиция, өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындардан құралған 400-ге жуық адам жұмылдырылған еді. Сондай-ақ, Қазақстан ТЖМ «Казависпас» «Еврокоптер» тікұшағы құтқарушылар тобымен және авариялық-құтқару жасағының кинологиялық есебімен және жергілікті шаруашылықтардың біріне тиесілі АН-2 ұшағы әуеден бақылау жүргізген.