Н.Нұржігітов: Облыс экономикасының негізгі салаларындағы жұмыс қарқыны төмендемеуі тиіс
Н.Нұржігітов: Облыс экономикасының негізгі салаларындағы жұмыс қарқыны төмендемеуі тиіс
Жалпы айта кетейік, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» Ұлттық жобасы кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, шағын бизнесті дамыта отырып, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар қалыптастыру мақсатына негізделген. Жобада негізінен 10 индикатор бекітілсе, оның екеуі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына, төртеуі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалған төртеуі туризм басқармасына бекітілген. Алғашқы болып сөз алған кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев өздеріне тиесілі индикаторлардың орындалу көрсеткіші туралы баяндады.
Өз кезегінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кенжебек Олжабай, туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков те баяндама жасап, индикаторларға қол жеткізу бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Еркін Атымтаев, Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаев та осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Жиында облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қолөнершілікпен айналысатын азаматтардың арасында өз кәсібін ашқысы келетіндер аз еместігін, оларға қандай қолдаулар бар екенін сұрады. Облыс әкімі мемлекет тарапынан азаматтарды қолдауға бағытталған қаржы көлемі аз еместігін, тек соны үйлестіріп, қолөнершілерге жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдап, ұсыныстар әзірлеу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы біқатар мәселелер мен төмен көрсеткіштер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді.
Дереккөз: Н.Нұржігітов: Облыс экономикасының негізгі салаларындағы жұмыс қарқыны төмендемеуі тиіс (www.gov.kz)