Жамбыл жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2021
- 466
Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
18-19 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Бүгін аймақтағы 10 аудан мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордаға аттанды. Мақсат- Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.
10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 3,5 тонна шұжық, 12,1 тонна сүт өнімдері, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік және 3,0 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 128,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Елордадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 115,2 млн. теңгені құрайтын 182,0 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады.
Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығында – 168,6 млрд. теңгенің (егін шаруашылығында – 69,7 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 98,7 млрд. теңге) өнімі өндірілсе, ет өндірісі – 4,9%, сүт өндірісі - 1,7%, жұмыртқа өндірісі - 9,7% артты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
1,5 млн гектар орманды алқап күлге айналды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025




