жексенбі, 6 қазан, 2024 1:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрсұлтан Назарбаев альпинист Мария Әуезовамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев альпинист Мария Әуезовамен кездесті
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев альпинист Мария Әуезовамен кездесті
Кездесуде Мария Әуезова Елбасыға қамқорлығы үшін және оның арманын орындап, бионикалық протез алуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты.
Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті спортшының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан Эвересті бағындыруға бел буған табандылығы мен өжеттігін атап өтті. – Кезінде мен де Абай шыңын бағындырдым. Бұл қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Сізге жарайсыз демекпін. Мұндай дүниелер адамдарға шабыт беріп, қанаттандыра түсері сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Анықтама үшін: 2021 жылғы сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Елбасы Эвересті екі аяғының жоқтығына қарамастан бағындырған альпинистің ерлігіне тәнті болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында оған протез алуға көмектесуге уәде берген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен М.Әуезоваға бионикалық протез алынды және ол мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар