сейсенбі, 1 қазан, 2024 6:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұржан Нұржігітов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұржан Нұржігітов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
ашық дереккөзі
Нұржан Нұржігітов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
  • 🔹 Құрметті журналистер, Қымбатты ардагерлер, Бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі, айналадағы оқиғаларды сараптап, халықтың тұрмыс-тіршілігінен, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерінің, сала мамандарының еңбегі қашан да елеулі. Бұқараның базынасына құлақ түріп, билікке жеткізіп, ойлы оқырман мен көрерменнің талғам тамырын тап басып, жақсылықтың жаршысы, мәселенің қозғаушысы болып жүрген облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының да орны жоғары. Халық жазушысы, жерлесіміз, қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртаза ағамыз: «Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын», - деп баға бергендей, расында, Сіздердің кәсіптеріңіздің мәртебесі биік, жауапкершілігі зор! Еліміздегі соңғы өзгерістерге байланысты Жаңа Қазақстанды құру идеологиясы – мемлекеттік саясаттымыздың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл ретте БАҚ саласы өкілдеріне де үлкен сенім артылмақ. Бүгінгі жаһандық желі желдей ескен заманда қай салаға болмасын жаңашылдық қажет-ақ. Оның үстіне оқырман мен көрермен талабы да уақыт өткен сайын түрленіп отырады. Осы орайда, Сіздер, бұл үдеден шығып, халыққа сапалы дүниелер ұсыну жолында аянбай еңбек ете бересіздер деген сенімдемін! Сіздерге шығармашылық табыс, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! ©️Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар