бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, "Жастар практикасы", "Бос орындар жәрмеңкесі"

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, "Жастар практикасы", "Бос орындар жәрмеңкесі"
ашық дереккөзі
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, "Жастар практикасы", "Бос орындар жәрмеңкесі"
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар өтініш білдірген жұмыссыз азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеуге алып, оларды әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларымен қамтамасыз етеді. Соның ішінде өтініш білдірген 16-29 жас аралығындағы жастарға басымдық беріледі. Халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағытында бірқатар шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» және Жұмыспен қамту жол картасы аясында 2020 жылы жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 29-жасқа дейінгі жастардан 26479 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында - 22625 жастар (ондағы 10064 адам жұмыс орындарына орналасса, 603 жас қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 770 жас кәсіби оқытуға, 2572 түлек жастар практикасына, 267 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 4409 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, сондай-ақ, 1694 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 384 адам шағын несие және 1862 жас қайтарымсыз грант алды), Жұмыспен қамту жол картасымен – 3854 жас жұмысқа тұрды. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да өз жалғасын табуда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2021 жылдың 1 - наурызына жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 29-жасқа дейінгі жастардан 2898 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 835 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 446 түлек жастар практикасына, 162 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 962 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың 4 тоқсаны бойынша 4,9 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,9%-ды құрады. Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар