«Наурызнама онкүндігі»: Жамбылда Наурыз мерекесі 10 күн тойланады
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, «Амал» мерекесімен басталған мейрам «Тазару» күнімен аяқталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлана Сламбекова атап өткендей, бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде этнос өкілдері, ардагерлер, жастардың қатысуымен Көрісу күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған. Ал, ертең «қайырымдылық» күні өтеді.
Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай хабарлағандай, іс-шара өтетін алаңға тұтас бір этноауыл тігілген. Алаңдағы Шеберлер ауылында қолөнер шеберлері мастер-класстар ұйымдастырылып, шеберлер сол жерде бұйымдар жасайды. Сонымен қатар, 2 әуе шары болады деді Ерлан Жүнісбай.
Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтың сөзінше, 20 наурыз күні Тараз қаласы мен аудандарда ұлттық спорт түрлерінен 44 жарыс ұйымдастырылады.
Іс-шара мыңға жуық адамды қамтиды деген жоспар бар. Жеңімпаздар тиісті дәрежелі медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады,- деді Арман Ташметов.